$ 446.49  475.38  4.79

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен 6 жасар бала өлі күйінде табылды

Баланың денесі 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан табылды деп хабарланды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Екі күн бойы Бақыт Әлтаир Мақсатұлын полиция, Ұлттық ұлан, ТЖМ және еріктілер іздеген.  Баланың денесі 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан табылды деп хабарланды.

"Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауыма алынды. Әлтаирдың ата-аналары мен туыстарына отбасында болған қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз", - деп түсініктеме берді Қызылорда облысының полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.

Еске салсақ, Қызылордада жоғалған алты жасар балаға іздеу жарияланды. Бүлдіршін 27 сәуірде үйінен ойнауға шығып, қайтып оралмаған. Ата-анасы полицияға тек 9 сағаттан кейін жүгінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары