Жаңалықтар 03.05.2021 сағат 12:32

Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар қыз табылды

2 мамырда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын арызданған.
Шымкентте жоғалып кеткен 3 жасар қыз табылды
Фото: Шымкент полиция департаменті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкентте полицейлер жоғалған үш жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды Sputnik.kz қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 мамырда Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, түскі бір шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Бүлдіршінді іздеу жұмысына полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

"500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ қызметтік иттер тартылды", - делінген хабарламада. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде үш жасар қыз сағат 22:10-да "Отырар" шағын ауданынан бір шақырым жерден аман-есен табылды. Полиция баланы ата-анасына  жеткізді.

Жоғалған қыздың әке-шешесі шымкенттік полицейлерге ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар