2021 жылдың басына қарай Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы қазақтардың үлесі 13 млн адамнан (69,01%) асып түсті.
Бұл туралы Orda.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.
2021 жылдың басында қазақтардың саны 264 406 адамға көбейді. Көпшілігі Түркістан (1,5 млн) және Алматы (1,5 млн) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (1,2 млн) тұрады.
Қазақ этносы басым:
Қызылорда облысында – 96,4%;
Атырау облысында – 92,9%;
Маңғыстау облысында – 91,4%.
Сондай-ақ, өзбек этносының өсуі де байқалады – 2020 жылдан бастап олардың саны 15 мың адамға артты. Қазір Қазақстанда 620 мыңнан астам өзбек тұрады. Басқа этностардың саны да өсуде:
Ұйғырлар – 5,4 мыңға (278,9 мың);
Әзірбайжандар – 2,1 мыңға (114,6 мың);
Түріктер – 1,5 мыңға (114,9 мың);
Дүнген – 1,9 мыңға (76,3 мың);
Тәжіктер – 1,6 мыңға (51,7 мың).
Келесі этникалық топтардың саны азайды:
Орыстар – 34,6 мыңға (3,5 млн);
Украиндар – 7,2 мыңға (256,7 мың);
Немістер – 1,5 мыңға (174,6 мың);
Беларустар – 1,2 мыңға (52,2 мың);
Татарлар – мыңға (199,4 мың);
Поляктар – 500 адамға (29,2 мың).