Бішкекте биыл сәуірде ұрланып, кейін өлі табылған қыз зорланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.
Бішкек Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, соталды тергеу алдымен ҚК-нің 175-бабы ("Некеге тұру мақсатында адам ұрлау") бойынша тіркелген, бірақ кейіннен жиналған материалдарға сәйкес қайта қаралды.
"ҚК-нің 170-бабына ("Адам ұрлау") өзгертілді, сондай-ақ күдіктіге ҚК-нің 170-бабы ("Адам ұрлау"), 161-бабы ("Зорлау") және 130-бабында ("Адам өлтіру") көзделген қылмысты жасады деген күдік бары сырттай хабарланды", - деді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс Бішкектің Первомай аудандық сотының қарауында жатыр.
"Одан бөлек, ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек қалалық басқармасы милицияның жекелеген қызметкерлеріне қатысты ҚК-нің 331-бабы ("Немқұрайдылық") бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Бішкекте Айзада есімді 5 сәуірде бірнеше ер адам ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда Айзаданы полиция қызметкерлері емес, далада жүрген шопан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті онымен сөзге келіспей, қылғындырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.