$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте бүлдіршіннің басына кастрөл кептеліп қалған

Кастрөл баланың басына тығыз киіліп қалған.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Шымкентте бір жарым жасар бүлдіршін кастрөлмен ойнап жүріп, оны ойын шеше алмай қалған. Ыдысты ата-анасы да шешіп ала алмаған соң, көмекке құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кастрөл баланың басына тығыз киіліп қалған. Сондықтан оны ата-анасы шеше алмай қалған. Бұл оқиға туралы құтқару қызметіне күндізгі сағат 12.40-та хабарлама келіп түскен. Бүлдіршіннің үйіне бас құтқарушы К.Нұсқабаевтың басшылығымен 4 қызметкер келді.

«Құтқарушылар өсімдік майын қолданып, абайлап және нақты іс-қимылмен 15 минут ішінде кішкентай бүлдіршіннің басынан кастрөлді алып тастағады. Баланың басына зақым келмеген», делінген хабарламада

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары