$ 494.87  520.65  4.91

Екі жыл бұрын Түркияда көз жұмған Елдана Қаһарманның ісі қайта қозғалып жатыр

Естеріңізге сала кетейік, Елдана Қаһарман Түркияда білім алып жатқан студент болған және сондағы телеарналардың бірінде жұмыс жасаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркияда екі жыл бұрынғы іс қайта қозғалып жатыр. Түркия Жоғарғы Ұлттық Мәжілісі қазақстандық қызды Ак партия депутаты Толга Ағыр өлтірді деп айыптап жатыр, деп жазады kznews.

Депутаттың үйіне сұхбат алуға барғанда зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін қыз прокуротураға арызданған. Бір күннен кейін өлі табылған.

Аталмыш іс Елдана Қаһарманның мәйіті туралы есепті Twitter желісіне жариялаған Барансел Ағжа журналистің жазбасынан кейін қайта қозғалған.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Түркияда білім алып жүрген 21 жастағы қазақстандық азаматша Елдана Қаһарманның қайтыс өлі күйінде табылды. Елдана Қаһарман Түркияда білім алып жатқан студент болған және сондағы телеарналардың бірінде жұмыс жасаған. Сонымен бірге танымал видеблогер болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары