$ 494.87  520.65  4.91

Мыжып тастаған: Нұр-Сұлтанда Toyota Camry жүк көліктің астына кіріп кетті

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елордада жол апаты болып, жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

10 мамырда сағат 18.40-та "102" желісіне жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша хабарлама келген.

"Toyota Camry автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен 40-ншы станцияға қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетті, сөйтіп 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары