Жаңалықтар 14.05.2021 сағат 02:37

«Шошқаның өлекселерін жерге көмген»: фермаға 7млрд айыппұл салынды

Жауапкер экологиялық заңнамалар талабын бұзған.
«Шошқаның өлекселерін жерге көмген»: фермаға 7млрд айыппұл салынды
Фото: Жауапкер экологиялық заңнамалар талабын бұзған. baq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбенің экономикалық соты "шошқаның ішек-қарны мен өлексесін жерге көміп, табиғатты ластады" деп айыпталған "Парижская коммуна" компаниясына 7 млрд теңгеден астам айыппұл салды деп жазады BAQ.KZ.

Жауапкер экологиялық заңнамалар талабын бұзған. Табиғатқа келтірілген залалдың есебі (сотқа экологтар ұсынған есеп –Ред.) дұрыс. Сот шешімі бір апта аралығында дайын болады. Сот кезіндегі тараптар уәжіне берілген бағаны шешімнен оқи аласыздар. Шешімге наразы тараптар бір ай аралығында шағым түсіруге құқылы, -деді судья Мәрия Шәріпова.

Сот шешімі күшіне енсе Бестамақ ауылындағы шошқа фермасынан 7 млрд 27 млн теңге өндіріледі. Ферма иесі "Парижская коммуна" компаниясының үстінен экономикалық сотқа Ақтөбе облысының экология департаменті шағымданған.

Біздің талабымыз 100 пайыз орынды. Сот талабымызды толық қанағаттандырды. Экологиялық заңнамаларды бұзған компания айыппұл төлеуі тиіс, - деді шешімге риза екенін айтқан Ақтөбе облыстық экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ғасыр Орынбасаров.

Экологтар Бестамақтағы шошқа фермасын былтыр 20 қараша мен 3 желтоқсан аралығында тексерген. Жоспардан тыс тексеру кезінде ферма маңындағы шұңқырлардан 189 тонна биологиялық қалдық қазып алынған.

Жерге көмілген қалдық одан да көп болуы мүмкін. Біз уақыттың тығыздығынан бәрін бірдей қазып үлгермедік - дейді Ақтөбе облыстық экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ғасыр Орынбасаров.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, экологтар Бестамақтағы ферма биологиялық қалдықты жерге көміп, табиғатқа 63 млн теңге залал келтірді деп санайды. Тексеру кезінде шошқаның ішек-қарны, қан-жыны, терісі мен өлексесін ферманы айналдыра көмуден басқа да бірнеше заңсыздық анықталғаны айтылды.

Тексеру қортындысына қарағанда, жоба бойынша 40 мың бас шошқа ұстауы керек кәсіпорында жануар саны елу мыңнан асып кеткен. Кәсіпорын шошқаның ішек-қарнын өңдеп, мал азығына пайдалануы тиіс болған. Бірақ қалдық өңдейтін экструдердің қуаты жетпей, биологиялық қалдықты 2019-2020 жылдары ферма маңына көме берген. Одан бөлек, шайынды суды тазартатын қондырғысы да істен шығып, лас сұйықтық Байбақты өзеніне құйылған.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар