$ 494.87  520.65  4.91

Докторантураға түсуде «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөз ұмытылады – Асхат Аймағамбетов

Оның атап өтуінше, докторантураға түсуге үміткерлер эссені де, басқа да тапсырмаларды да компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктілерде өтеді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктілерде өтеді. Бұл бізге «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, докторантураға түсуге үміткерлер эссені де, басқа да тапсырмаларды да компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазады.

«Өткен жылы біз магистратураға түсушілердің емтихандарын пилоттық режимде электрондық форматта қабылдадық. Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Бұдан былай магистратураның емтихандары осы форматта өтеді», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары