$ 494.87  520.65  4.91

Елордада Қасым және Жомарт атты егіз ұл дүниеге келді

Егіздер туғанда кітапхана басшысы аттарын Қасым, Жомарт деп қою туралы ұсынысын айтты, біз келісе кеттік, - дейді балалардың әкесі.

Жақында қырқынан шыққан балалардың әкесі Ұлттық академиялық кітапханада жұмыс істейді. Егіздердің есімін кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева қойған деп жазады kaz.nur.kz.

Егіздер 30 наурызда дүниеге келген. Ұлдардың туған кездегі салмағы 2,3 кг және 2,1 кг болыпты. Ал бойлары бірдей — 48 см-ден. Нәрестелердің ата-әжесі немерелері мен келінін қырқынан шыққанша күтіп-баптауды өз мойнына алған. Ата-анасының сөзінше, қазір балалардың хал-жағдайы жақсы.

«Егіздер наурыздың 30-ында дүниеге келді. Әкелері Жанболат Кәдірбек — Ұлттық академиялық кітапханада программист болып істейді. Жасы 28-де. Егіздер туғанда кітапхана басшысы аттарын Қасым, Жомарт деп қою туралы ұсынысын айтты, біз келісе кеттік. Ұлым енді үш баланың әкесі болды», — дейді Кәдірбек Мұратбек.

Отағасының сөзінше, олар Қазақстанға 2007 жылы Моңғолиядан көшіп келген.

«Талапкерде өзіміз тұрғызған шағын үйде тұрып жатырмыз. Ал ұлым отбасымен Нұр-Сұлтанда пәтер жалдап тұрады. Қазір уақытша келінім мен немерелерімді қырқынан шығарғанша жанымызға алғанбыз», — дейді егіздердің атасы Кәдірбек Мұратбек.

Қасым мен Жомарт 15 мамырда қырқынан шықты, отбасы мүшелері жақындарын шақырып, шілдеханасын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары