$ 494.87  520.65  4.91

Баласын аман алып қалу үшін адам өлтірген: Шымкенттік киллер әйелдің жан сыры

Сот күйеуіне 26 жыл, ал киллер әйелге 28 жыл қатаң режимдегі түрмеге отыру жазасы тағайындалған.

Үш адамның қанын мойнына арқалаған киллер-әйел ИЧ 197/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Отырар сайтына берген сұхбатында ол бұл қылмысты не үшін жасағанын айтып берді, деп хабарлайды KzNews.

“Операцияға ақша жинау үшін өлтірдім”

Әйелдің бет әлпетіне қарап елу жастан асқанын аңғаруға болады. 28 жыл қатаң тәртіптегі жазасын өтейді. Оның 16 жылын қылмыскер өтеп қойған. Темір тордың ар жағына ол күйеуі екеуі бірге аттанған. Ерлі-зайыптылар қылмысты бірігіп жасағандықтан,екеуі де тапсырыспен адам өлтіргені үшін бас бостандықтарынан айырылды.

“Адам өлтіруге ақшаның жетіспеушілігі себеп болды. Ұлымыздың операциясына ақша тапқанымызбен, тағы бір қажеттілігімізге 300 мың еуро керек болды”.

Күйеуіміз екеуіміз сотталатынымызды білдік. Алайда, мен ұлымның өмірі үшін ештеңеден тайынбадым дейді қылмыскер.

Қазір киллер-әйел ИЧ 167/4 түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Ол мұнда жұмыс істеп жатқандықтан, бос кезінің барлығын ұйқымен өткізеді екен. Бұл жынданып кетпеуге мүмкіндік береді,- дейді әйел.

Қылмыскер үштік

Қылмысты бастаған оның күйеуі екен. Олар үш жылдан кейін қылмыстарын мойындаған. Оғанға дейін, еркек кәсіпкерлерді өлтірген. Алғашқы құрбаны- табиғат аясында демалып жүрген бизнесменді жазым етумен басталған.

“Бірінші құрбанымды табиғат аясында  өлтірдім. Олар арақ ішіп отырды. Мен оларды аңдумен болдым. Ол жалғыз қалған кезде басынан ұрдым да тез қашып кеттім. Жалғыз қалған адам айғай-шу шығарды. Бірақ бәрі кеш еді.”

Мен ақша үшін өлтірдім. Мені киллер деп ешкім ешқашан атамаған. Қарудың барлығын қара базардан алдым. Тапсырыстың барлығын басқа адамдар арқылы алып отырдым. Ал мен тапсырыс берушінің кім екенін білмейтінмін,-дейді киллер әйел.

Ал екінші құрбанын әйел бір жылдан кейін жайратқан. Құрбаны үйінен шығып келе жатқанда оқ өкпеге тиіп, ер адам сол жерде жан тапсырды.

Үшінші құрбанымның басынан атып едім, ол өкпесіне тиіп өліп қалды ,-дейді киллер.

Өлілер жиі түске кіреді

Ұлын әйел операция жасатып аман алып қалған. Алайда ұлы оны ата-анасы түрмеге қамалған соң, бір жылдан кейін бірақ білген.

“Ұлымыз ештеңе білмеді. Біз жасырдық. Үш жылдан кейін, күйеуім өзі барып берілді. Соын мені де түрмеге алып кетті. Түрмеге түскенде 3 күн тұрмай ұйықтадым. Себебі бостандықта жүргенде ұяттан қаты қиналып, өмір сүре алмай қалдым.”

Өлген адамдардың барлығы түсіме кіретін. Мен түрмеде отыратыныма сендім. Есесіне арым таза болады деп жұбаттым. Үкім шыққан күні ұлым келіп, бәрін білді.

Бізді залдан шығарып бара жатқанда оны көріп, өліп қала жаздадым. Кінәмді мойындағаныммен өмір бойы өкінетінім анық. Ар жазасымен өмір сүру қиын,-деп сөзін түйіндеді келіншек.

Сот күйеуіне 26 жыл, ал киллер әйелге 28 жыл қатаң режимдегі түрмеге отыру жазасы тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары