$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда ірі көлемде есірткі сатқан ер адам ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды..

Алматыда ірі көлемде «мефедрон» есірткісін сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаманті мәлім еткендей, Қостанай облысының тумасы, 30 жастағы ер адам бірнеше ай бойы психотропты және есірткі заттарын таратушы курьеріболып жұмыс істеген.

«Осы уақыт аралығында ол курьерден сатушыға дейін көтерілген. Ер адам есірткі тасымалдау кезінде ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде одан 22 орам психотропты зат табылып, тәркіледі. Күдікті осыған ұқсас 13 орама табылған және тәркіленген орынды көрсетті. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» психотропты зат екені анықталды», - деді М. Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Бұл факт бойынша соталды тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес тіркелді. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары