$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстауда болған жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды

Жол көлік оқиғасы Жаңаөзен-Жетібай тас жолында орын алған. Toyota Camry маркалы көлік "Газельмен" соқтығысқан деп жазады "Лада" порталы. Оқиға орнында үш адам көз жұмса, төртіншісі ауруханада қайтыс болыпты.

Соққы салдарынан "Газель" жолаушылар көлігі жолдың шетіне шығып кеткен. Қайтыс болған төрт адамның бәрі бір отбасының мүшелері. Жарақат алған тағы жеті адам ауруханада емделіп жатыр.

Аталған жайт бойынша Маңғыстау облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апатына кінәлі жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары