Өзбекстанның төрт саяси партиясы алда өтетін президенттік сайлауға өз кандидаттарын сынды. Бұл туралы "Газета.uz" порталы хабарлап отыр.
Орталық сайлау комиссиясына соңғы болып Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Хотамжон Кетмонов құжаттарын өткізді. Ол 2015 жылы елде өткен президенттік сайлауға да қатысқан болатын. Онда Кетмонов 2,92 пайыз дауыс жинап, өз партиясын оппозициялық деп ресми жариялаған еді.
Ал, Кетмоновтан өзге биыл өтетін саяси науқанға "Адолат" әлеуметтік-демократиялық партиясынан Наримон Умаров, премьер-министр Шавкот Мирзиеев (Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан) және парламенттің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Сарвар Отамурадов ("Миллий тикланиш" партиясынан) қатысады. Енді бұл үміткерлердің бәрі қазанға жоспарланған партиялардың съезінде ресми бекітілуі керек.
Естеріңізге салайық, Өзбекстанды 25 жылдан астам уақыт басқарған Ислам Каримов биыл 2 қыркүйекте миына қан құйылып қайтыс болған еді. Қазір президенттің міндетін премьер-министр Шавкат Мирзиеев атқаруда. Ал, президенттік сайлау болса 4 желтоқсанға жоспарланған.