$ 498.51  522.84  4.81

Қырғызстан президенті жүрек ауруымен аурухана түсіп қалды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатыса алмайды. Бішкектен Нью-Йоркке барар жолда қырғыз көшбасшысының жүрегі ауырып, жарты жолдан ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланған.

Аталған мәліметке сәйкес, Түркиядағы Ататүрік әуежайында Атамбаев кеуде тұсының ауырып жатқанын айтып, дәрігерлеріне шағымданған. Мамандар оны сол ұшақ ішінде тексеріп, дереу ауруханаға баруға кеңес беріпті. Дәрігерлер президенттің жүрегінде ауру бар екенін анықтаған.

"Осы жайтқа байланысты, Алмазбек Атамбаев медициналық тексеруден өтіп, біраз уақыт бойы дәрігерлер қарауында болады", - делінген ресми мәлімдемеде.

Ал, БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына Қырғызстан атынан сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев қатысады.

Айта кетейік, 17 қыркүйек күні Алмазбек Атамбаев 60 жасқа толған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары