$ 494.87  520.65  4.91

«Ұсталғанда есірткіге мас күйде болған»: Көкшетау тұрғыны ата-анасының үйінде қарасора өсірген

Оның сөзінше, тәркіленген өсімдіктер үш түрлі сортқа жатады және оны бірнеше ай бұрын Интернет арқылы тапсырыспен алған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Көкшетау қаласында дәнеркелеуші болып жұмыс істейтін 24 жастағы тұрғын қолдан қарасора өсіруге арналған бокс қорап жасаған. Осы үшін ол қылмыстық жауапқа тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көкшетау қаласының техникалық жөндеу орталығында дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын ата-анасының жеке үйінде есірткі тұқымдас қарасора өсірумен айналысқан. Үйді тексеру кезінде бөлмелердің бірінде табылған қолдан жасалған қораптың ішінен қарасораға ұқсас өсімдік шықты. Сонымен бірге, қара топырақ пакеттелген тыңайтқыш қаптамалары, климат-бақылау қондырғысы, өсімдіктерді күту кестесі және фитолабораторияның басқа да жабдықтары тәркіленді», - деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасындағылар.

Ер адам ұсталған кезде есірткіге мас күйде болды. Оның сөзінше, тәркіленген өсімдіктер үш түрлі сортқа жатады және оны бірнеше ай бұрын Интернет арқылы тапсырыспен алған. «Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 300 бабы «Құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», - деп толықтырды ведомстводан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары