$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-дағы ірі жол апатына микроавтобус жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысында 5 адамның өмірін жалмаған жол көлік оқиғасы микроавтобус жүргізушісінің кінәсінен орын алуы мүмкін. Бұл жайында ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, Ford маркалы шағын автобустың жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен болуы мүмкін. Жолдың бір жақ бөлігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, көліктер қарсы бағыттың бір жолағымен жүруге мәжбүр. Ал, салонына жолаушы толтырып алған микроавтобус жүргізушісі осы тар жолда асығыстық танытып, алдында кетіп бара жатқан өзге көліктерден озбақ болған. Сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан Toyota көлігімен бетпе-бет соғысыпты. Апат салдарынан қос көліктің жүргізушілері және микроавтобустың үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. 16 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Олардың арасындағы 3 жасар қыз жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары