Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстау облысында жем-шөп аз болу себебінен жылқының жаппай қырылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ауыл шаруашылығы министріне Маңғыстау облысында жылқылардың қырылып қалу мәселесі туралы сұрақ қойылды. «Аудандық әкімдіктер тарапынан немқұрайлық болды ма? Қарызға жем беру мәселесін ертерек қарастыруға болмас па еді?», - деді ОКҚ брифингінде БАҚ өкілдері.
«Иә, менің ойымша, бұл аудандық әкімдіктердің олқылығы. Олар жергілікті жерлердегі жағдайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе облыс әкімдігіне қарағанда, жақсы біледі. Егер олар жағдайды алдын ала ескертіп, қолдау шараларын ұсынса, Үкімет тарапынан бұл көмекті ертерек көрсететін едік», - деді Сапархан Омаров.
Еске салайық, бұған дейін Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланып жатқаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Қызылорда облысында мал қырылып жатыр (ВИДЕО)
Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Төрекеновтың сөзінше, биыл далада жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.