$ 446.49  475.38  4.79

Тоқаевтың «Волонтер» кезіндегі ФОТОсы жарияланды

Осы кезде кадрда Президенттің сенбілікте еңбек етіп жүргені бейнесі көрсетілген.

Асылбек Абдуловтың «Президент Тоқаевтың жаңа бағдары» атты фильмінде Мемлекет басшысының жас шағындағы сирек суреттері мен бейнелері көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фильм авторы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік лауазымдағы екі жылына шолу жасай келіп, Арыс қаласын жарылыстардан кейін қалпына келтіру жұмыстарына еріктілердің белсенді атсалысқанын еске алады. Осы кезде кадрда Президенттің сенбілікте еңбек етіп жүргені бейнесі көрсетілген.

«Осынау әуесқой кинокадрларда 10-сынып оқушысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы №25 орта мектепте мамыр сенбілігінде мектеп ауласын қоқыстан арылтып, қыздарға көмектесіп жатыр», - дейді фильм авторы.

Сондай-ақ, фильм барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортпен шұғылданып жатқан сәттері бар сирек кездесетін суреттер көрініс тапқан.

«Әкемнің тағдыры бала кезінен бастап оңай болған жоқ. Ол ерте жетім қалды. Әуелі балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Содан кейін соғыс басталды. Майдан ол үшін батылдық пен табандылықтың тағы бір сынағы болды. Ол соғыстан көп сабақ алып, қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе алды», - деп еске алады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары