$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет» РМК 13 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Алматы облысында> солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 17-22 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының>кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғып, күші 15-20 м/с артады. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Қызылорда облысының> кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 18 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында> шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Маңғыстау облысының> кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Павлодар облысында> өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының> тауларында күндіз найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші күндіз 25 м/с жетуі ықтимал. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Шымкент қаласында> солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанады. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының> таулы және тау бөктерлі ауданында қатты жаңбыр күтіледі. 13-15 маусымда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. 13-15 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы