$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында жоғалған тағы бір туристің мәйіті табылды (ВИДЕО)

Тағы бір туристі іздеу жұмыстары ертең де жалғасатыны хабарланды.

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағытты тексеру барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары (РЖҚЖ) Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Ресми өкілдің айтуынша, таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен мәйітті тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзеніндегі өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай барған.

«РЖҚЖ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, тікұшақ әуеде «қалқып» тұрып жүк көтергіш шығырдың көмегімен оны көтеріп алды.

Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық топ, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде», - дейді Т. Уәли.

Еске саласақ, 21 мамыр күні Түркістан облысының «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кеткен. 24 мамырда кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда олардың жоғалғаны туралы «112» пультіне хабар берілген.

28 мамырда 7 адамның 3-еуі табылып, құтқарылды. Ал 29 мамыр күні екі туристің денесі табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары