$ 498.34  519.72  4.85

Бахрейнде жезөкшелікке салынған қазақ қызы көмек сұрап отыр

Қарағандылық 18 жастағы бойжеткен Бахрейнде өз еркінен тыс жезөкшелікке салынғанын мәлімдеп, көмек сұрады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz порталына мәлімдеген. Қыздың айтуынша, оны Бахрейнге құрбысы жіберіп, жақсы жұмысқа орналастыруға уәде берген екен.

Өзін құлдықта ұстап отыр деген бойжеткен амалын тауып, Қазақстанға телефон арқылы хабарласты.

"Мені 1,5 жылдан бергі танысым Бахрейнге жұмысқа шақырды. Билетті өзі сатып әперіп, пәтер жалдап қойыпты. Ол маған массаж жасайсың деген, жезөкшелік туралы мүлдем сөз болған жоқ. Ал, мен жақында ғана 18 жасқа толдым. Бахрейнге 2 ай бұрын келген болатынмын. Алғашында бір апта жұмыс істеп, елге қайтамын деп ойлағам. Алайда, екінші күні маған жезөкше болып, жол мен қонақ үй шығындарын өтейсің деп бұйырды. Келген клиенттерге жылап, көмек сұраймын. Анам Қарағандыда, жылап күтіп отыр", - дейді көмек сұраған қазақ қызы. Оның айтуынша, жеңгетайы полицияға ұсталмау үшін күнара қонақ үйді алмастырады екен.

Сондай-ақ, бойжеткен 27 қыркүйекке дейін "қожайындарына" 1 миллион теңгедей ақша тауып беруі керек. Таппаған жағдайда өлтіреміз деп қорқытқан.

Қазір ҚР СІМ аталған жайттан хабардар болып, мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатыр. Бұл жайында ведомствоның баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары