$ 498.51  522.84  4.81

Ресей қауіпсіздік қызметі ел азаматтарының интернетте жазғандарын түгел оқитын болады

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі, Коммуникация және байланыс, сондай-ақ, Өнеркәсіп және сауда министрліктері "Яровая заңы" (антитерорлық заң) деп аталып кеткен қос заңды тиімді жүзеге асыру үшін оның техникалық шешімдерін талқылап жатыр. "Коммерсантъ" басылымының хабарлауынша, қауіпсіздік қызметі осы жұмыстардың нәтижесінде бүкіл ресейліктердің интернет-трафиктерін түгелдей оқып шығуды жоспарлап отырған көрінеді.

Қазіргі таңда "Яровая заңы" ақпарат тарату алаңын ұсынатын сайт иелерін (әлеуметтік желілер, мессенджерлер, т.б.) трафикті шифрлеу үшін қажетті кілттің бәрін ФСБ өкілдеріне беруді міндеттейді. Бірақ, Ресейдегі сайттардың көпшілігі ақпарат таратуды ұйымдастыру алаңы болып есептелмейді және олар жақсы қорғалған https-байланысын пайдаланып отыр. Яғни, аталған сайттарды шифрлемей интернет қолданушыларының қайда және не мақсатта кіргенін анықтау мүмкін емес. Сондықтан, қазір үш ведомство бірігіп, осы кедергілерді алып тастаудың техникалық тұстарын талқылауда.

Трафикті шифрлеу Man in the Middle бағдарламасының көмегімен жүзеге аспақ. Ол интернет қолданушыларына жай ғана сайт секілді көрінеді және өзіне қажетті трафиктің бәрін оқи алады. Яғни, қолданушы интернетте "қауіпті" сөз жазған кезде оның бүкіл мәтіні оқылып, өзгелермен алмасқан хаттары да қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне ұсынылады. Егер бұрындары аталған бағдарламаның көмегімен тек мақаланың тақырыптары арқылы ғана іздеу жүргізілсе, қазір материалдардағы әрбір сөзге талдау жасауға мүмкіндік бар.

Билік өкілдері алдымен қауіпсіздік қызметінің күдігіне ілінген тұлғаларды ғана бақылауға аламыз дегенді айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары