$ 446.49  475.38  4.79

Қытайда 31 саусағы бар сәби дүниеге келді (ФОТО)

Қытайдың Нинбо қаласында ерекше сәби дүниеге келді. Нәрестенің 31 саусағы бар: 15-і қолында, 16-ы аяғында. Осыған қарамастан, баланың бас бармақтары жоқ деп жазады жергілікті "Жэньминь Жибао" басылымы.

Сәбидің отбасы Қытайдың оңтүстігіндегі Хунань провинциясында тұрады. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ауытқушылық баланың анасында да бар екен. Әйелдің әрбір аяқ-қолында алты саусақтан бар.

Ақ халаттылар нәрестеге көмектесеміз деп бекініп отыр. Дегенмен, емдеу жолы ұзақ және ауыр болуы мүмкін дейді олар. Олардың жоспарына сәйкес, бала мектепке барғанға дейін ауруынан құлан-таза айығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары