$ 443.37  474.49  4.83

Алматыда BMW жүргізушісі 4 адамды қағып өлтірді

Алматыда аса жоғары жылдамдықпен жүйіткіген BMW автокөлігі төрт бірдей адамды қағып мерт қылды. Бұл туралы СТВ телеарнасының тілшілері хабарлап отыр.

Марқұмдардың біреуі ер азамат, қалған үшеуі әйел. Олар 22 қыркүйек күні кешке жолдың жаяу жүргіншілерге арналмаған бөлігінен жүгіріп өтпек болған. Жүйіткіп келген жеңіл автокөліктің жүргізушісі тежегішті басып үлгере алмапты. Соққының қатты болғаны сонша, адамдардың денелері бөлшектеліп кеткен.

Оқиға Рысқұлов көшесіндені №75 үйдің алдында орын алған. Апатқа себеп болған көлік жүргізушісін полицейлер алып кетіпті. Ал, қайтыс болған жандардың кім екені әлі анықталу үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары