$ 494.87  520.65  4.91

Облыс әкімі Скриптониттің сынына жауап берді

Скриптонит өзінің Instagram парақшасында «Павлодарда зауыт салуды тоқтату керек» деп мәлімдеме жасаған еді.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Скриптонит Павлодар облысындағы жаңа зауыт құрылысына қатысты сын айтты. Оған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жауап берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Скриптонит өзінің Instagram парақшасында «Павлодарда зауыт салуды тоқтату керек» деп мәлімдеме жасады.

– Кальцийленген сода зауыты бойынша шешім 2019 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде (ӨҮК) қабылданған. Бұл инвестициялық жоба, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 73 млрд теңге инвестиция. Үш рет тыңдау өткізілді. Егер экологиялық бағалау бөлігіндегі өзгерістер динамикасын қарайтын болсақ, онда айтарлықтай өзгерістер бар. Соңғы қоғамдық тыңдаулар белсенді түрде өтті, – деп жауап берді әкім.

Әкімнің айтуынша, қазір техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) аяқтау процедурасы жүріп жатыр. Сосын жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау қажет.

– Менің ойымша, тағы бір рет, егер сұрақтар туындайтын болса, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушылар да, тапсырыс берушінің өзі де, техникалық-экономикалық негіздемені орындаушылар да экологтарға, тұрғындарға жобаның барлық артықшылығы мен кемшіліктерін жеткізуі керек. Сондықтан, оларға есеп беру бойынша бұйрық беремін, – деді әкім.

Сқақов жаңа зауыт аймақтың экологиясына аз әсер етеді деп сендірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары