$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің алты өңірінде құрғақшылық болады деп күтілуде

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдану жеткіліксіз деңгейде болады деп күтілуде.

"Қазгидромет" РМК өкілдері маусым айында еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болатынын болжап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдану жеткіліксіз деңгейде болады деп күтілуде. Сондықтан Ақмола (Жақсы ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық болуы мүмкін. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады деп күтілуде.

Айта кетейік, қазір Қызылорда және Түркістан облыстарында да құрғақшылық болып жатыр. Осыған байланысты Қызылорда облысында төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қарастырылуда.

Ал, Түркістан облысында фермерлер өзендер таяз болғандықтан, су тапшылығы болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда.

Құрғақшылықтың салдарынан Маңғыстау облысының жайылымдарында да шөп жоқ. Жайылымнан аш күйде оралған түйелер картонмен қоректеніп жатқан сәтінен видео желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Облыста азық іздеп, қоқыс жағалаған аш жылқылардың суреті де тараған еді.

Картон жеп жатқан түйелерге қатысты видеоға пікір білдірген Маңғыстау облысының әкімдігі өңірде қуаңшылық мәселесі туындап жатқанын растаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қуаңшылық