Ақмола облысындағы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
“Қосшы ауылы қарқынды дамып келеді. Жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар мен салымдарға қарамастан, ауыл өсіп келеді, тиісінше қосымша инфрақұрылым қажет”, - деді ол.
Әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда, ауылға облыстық маңызы бар қала мәртебесін беруді қарастыратын алгоритм әзірленді.