$ 449.58  486.94  4.86

ЕУРО-2020: 1/8 финалға өткен барлық құрамалар белгілі болды

Футболдан Еуропа чемпионатында топтық кезеңі аяқталып, плей-оффқа шыққан барлық командалар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Е тобы

Словакия – Испания 

Испания алғашы екі матчта ұпай жоғалтқан соң бұл ойында барын салды. Олар Словакияның қақпасына жауапсыз 5 гол соғып, топтан екінші орынмен шықты.

Словакия – Испания 0:5 (0:2)

Голдар: Дубравка а/г 30, Ляпорт 45+3, Сарабия 56, Торрес 67, Куцка а/г 71.

 

Швеция – Польша 

Швеция Левандовскидің дубліне қарамастан жеңіске жеттім. Матчтың соңында шведтер есеп 2:2 болып тұрғанда жеңісті жұлып алды. Осылайша олар 1/8 финалға жолдама алды. 

Швеция – Польша 3:2 (1:0)

Голдар: Форсберг 2, 59, Классон 90+4 – Левандовски 61, 84.

 

F тобы

Германия – Венгрия

"Өлім тобында" Венгрия екінші ұпайын алды. Франциямен тең түскен олар бұл жолы неміс құрамасын ұпайдан қақты. Ал Германия плей-оффқа үшінші орыннан өтетін болды.

Германия – Венгрия 2:2 (0:1)

Голдар: Хаверц 66, Горецка 84 – А. Шалаи 11, Шофер 68.

 

Португалия – Франция

Еуропа мен әлем чемпиондар тартысты матчта 4 гол соғып, ұпай бөлісті. Осылайша Франция 1/8 финалға бірінші орыннан шықса, Португалия екінші жолдамаға ие болды. 

Португалия – Франция 2:2 (1:1)

Голдар: Роналду 31, 60 – Бензема 45+2, 47.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары