Тик-токтағы видеода перзентханаға сәбиін көруге шыққан жігіт үйіне ақ шашты шал болып оралады, деп хабарлайды ЭК.
Перзентханаға сәбиін көруге бармақ болып, газбен жүретін таксиге мінген жігіт газ кезегінде тым ұзақ тұрып қалған. Кезектің ұзақтығы соншалықты, жігіт үйіне қаусаған шал болып оралады. Оны өмірі көрмеген, біраз жасқа келіп қалған баласы алдынан шығып қарсы алған.
«Қанша берейін, бес жүз теңге ме? Газбен жүретін таксиге енді отырмаспын», дейді шал кемсеңдеп.
Қазақстандықтар осындай мазмұнда бейнеролик түсіріп, газ тапшылығын келемеж етті. Бұл ролик газ тапшылығы қатты сезіліп тұрған аймақтарда кеңінен тарап жатыр. Соңғы кездері отандастарымыздың кез келген күрделі мәселелердің өзіне күлкімен қарай бастағаны байқалады.