$ 449.58  486.94  4.86

Арқалықта ағайынды екі жігіт егде тартқан әйелді зорлап өлтірген

Туған ағайынды екі жігіт Арқалықтың орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде әйелді айуандықпен азаптап өлтірген деп жазады arknews.kz. Олардың екеуі де психиатрдың есебінде тұрады екен. Кішісі әлі кәмелет жасына толмаған.

Тәртіп сақшылары 53 жастағы әйелдің денесін жертөледен тапқан. Мәйітте азаптаудың, зорлық-зомбылықтың іздері бар. Атап айтқанда, мойны скотчпен оралып, қолы капрон жіппен байланған, бетінде ісіктері бар.

Полицейлер күдіктілерді араға бір тәулік салып ұстады. Ағайынды жігіттер еш қымсынбай, жасаған қылмыстарын ашық мойындаған. Тіпті, өлтірместен бұрын алдымен зорлағанын өздері айтыпты. Олардың үлкені 20-ға енді толса, кішісі әлі кәмелет жасына жетпеген. Екеуінің де жүйке жүйесінде ақауы бар.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар уақытша қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары