Жаңалықтар 28.06.2021 сағат 15:40

«Вакцинадан кейін күн астында жүру қауіпті» - дәрігер

Өйткені Күн сәулесі терінің бүкіл бетінде күйік пен қабыну тудырады.
«Вакцинадан кейін күн астында жүру қауіпті» - дәрігер
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Пульмонолог Сергей Пурясев жазда коронавирусқа қарсы вакцина алудың ережесін айтты. Дәрігер вакцинадан соң ұзақ уақыт күннің астында жүрмеген жөн екенін ескертеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Маман күн сәулесінің тікелей түсуі тіпті сау адам үшін де қауіпті екенін атап өтті. Өйткені ол терінің бүкіл бетінде күйік пен қабыну тудырады. Яғни, гистамин көп мөлшерде бөлініп, күшті аллергиялық реакцияға әкеп соғады. Дәрігер аллергия кезінде вакцина алудың қажет емесін айтады.

«Бір ай көлемінде күннен аулақ болу керек. Антиденелер қалыптасып алғанша бірінші вакцинадан кейін үш апта, екінші вакцинадан соң екі аптадай сақтану керек. Егер адамдар теңізге, саяжайларға барғысы келсе, мүмкіндігінше алдын ала вакцина алып алғаны жөн», - деп кеңес берді Пурясев.

Бұған қоса, ол вакцина алған адамдарға жағажайда абай болуға кеңес береді. 

«Көшеде, әсіресе күндізгі уақытта аз жүру керек. Жағажайға таңғы 6-дан 11-ге дейін немесе кешке 5-6-дан кейін баруға болады. Гистаминдердің ағзаға улы әсерін азайту үшін антигистаминдік препараттарды да өзіңізбен бірге алып жүруіңіз маңызды»,- дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар