Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Жалпы, заң жобасында мына нормалар көзделген:
мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте оларды пайдалану мерзімі – кемінде бес жыл, сондай-ақ жер қатынастары органдарын хабарлау міндетті шарт болып табылады.
жер ресурстарын басқару комитетінде жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;
жер үлестері есебінен құралған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін кепілге салу кезінде үлес иелерінің келісімі болғанда рұқсат беру;
ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын бағбандық және саяжай құрылысына өзгертуге тыйым салу;
жер беру комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімін белгілеу бойынша нормаларды нақтылау;
халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;
берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет ресурсында ашық түрде орналастыру.