$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде коронавирустан 17 полицей қайтыс болған

6500 полиция қызметкері коронавирус жұқтырып, ауырды.

Қазақстанда 17 полиция қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тілшіге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"6500 полиция қызметкері коронавирус жұқтырып, ауырды... және 17 адам қайтыс болды. Біз барлық жерде жұмыс істедік. Блокбекеттер мен кезекшіліке тәулік сайын 12 мыңға жуық полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметкері шықты. Жұмыс 24 сағатқа, сегіз сағат сайын ауысымға бөлінді", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

ІІМ басшысы полицейлер блокбекеттерді, ауруханаларды, санитария бекеттерін, әуежайларды, вокзалдарды күзеткенін атап өтті.

"Резерв қамтамасыз етілуі керек болды, сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтауға көп күш жұмсалды", - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары