Жаңалықтар 30.06.2021 сағат 21:24

Көлгінов жұмысқа таксимен қатынайтын болды

Мен Toyota Camry маркалы көлік мініп жүрмін.
Көлгінов жұмысқа таксимен қатынайтын болды
Фото: ашық дерек көзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмысқа таксимен келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы берген есебінде айтты.

 "Біз бірнеше жыл бұрын жұмысқа қызметтік көлікпен емес, таксимен келу туралы шешімге келген болатынбыз. Бүгінде де біз бұл шешімді өзгерткен жоқпыз. Әкімдікпен жұмыс жасайтын такси қызметі бар. Бұл ешқандай көзбояушылық емес. Әкімдер, басқарма басшылары, олардың орынбасарлары да такси қызметін пайдаланады. Мен Toyota Camry маркалы көлік мініп жүрмін. Менің орынбасарларым да Қазақстанда шығарылған көлік мінеді. Осы такси қызметіндегі көліктермен күнделікті жұмысқа барып келеміз", - деді елорда әкімі. 

nege.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар