$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында үш жасар қыз джиптің астына түсіп, мерт болды

Ақмола облысында 3 жасар қыз бала «Toyota Land Cruiser» көлігінің астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Облыстық ішкі істер департаментінің басапасөз қызметі мәлімдегендей, келеңсіз жағдай Степногор қаласына қарасты Бестебе кентінде орын алған. Бұл жөнінде полиция бөліміне жедел-жәрдем стансасының фельдшері хабарлаған болатын. Кейін белгілі болғандай, 25 жастағы көлік жүргізушісі үйіне кіреберіс жолдың бұрылысында 3 жасар қыз баланы абайсызда қағып кеткен.

Өкінішке қарай, дәрігерлер бүлдіршіннің өміріне араша түсе алмады. Қыз бала алған дене жарақатынан сол жерде жантәсілім етті. Қазіргі кезде мүрде мәйітханаға жіберіліп, соттық-сараптама жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Жол жүру ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары