$ 494.87  520.65  4.91

Елорда маңында полицей жол апатынан қаза тапты

Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елорда маңында жол апаты болып, бір полицей ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаланың полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 5 шілде 00:24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының жанында болды.

30 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан Lexus GS 300 көлігі аударылған.

"Жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Ал 35 жастағы жолаушы – полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Бұл факті Ақмола облысы полиция департаментінде тіркелді, тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары