$ 494.87  520.65  4.91

Алматылықтар қолында желдеткіші бар автобус жолаушысын талқылап жатыр

Желі қолданушылар бейнежазбаға қатысты әртүрлі пікір қалдырды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматылықтар қолында желдеткіші бар автобус жолаушысын желіде талқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видео авторы қоғамдық көлікте ауа баптағыш істемейтінін айтты.

«№201 автобус, кондиционер өшірулі, ішінде ауа жоқ, ыстық. Адамдар желдеткішпен отыр», - делінген жазбада.

Желі қолданушылар бейнежазбаға қатысты әртүрлі пікір қалдырды, кейбіреулері оны әзілмен қабылдады, ал енді бірі ашуланды.

«Бұл жаңа автобустар, бірақ сұмдық. Терезелері жабық. Кондиционері істемейді. Далада күн ыстық, автобуста ауа жоқ. Адамдар тұншығып отыр», - деп жазады желі қолданушылар.

Бұған дейін, алматылықтар осы мәселені көтеріп, әкімге шағымданған болатын.

Бұл сауалға қалалық мобильділік басқармасының бастығы Ғани Мырзаханов жауап берді.

Оның айтуынша, бүгінде 1 198 автобуста кондиционер бар, ал 1 243-інде жоқ.

«Бүгінде 62 автобустың ауа баптағышы істен шыққан. Қосалқы бөлшектерді Қытай мен Ресейден күтіп отырмыз. Олар 10 күн ішінде келуі керек. Содан кейін кондиционерлерді қосамыз», - деді ол «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары