$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда «барахолка» өртенді

Қызыл жалын барлығы 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

 Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматыдағы «барахолка» базарында өрт шықты. Мizam көтерме-бөлшек сауда базарының аумағы отқа оранды. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, салынып жатқан ғимараттың қаптамасы өртенген.

Қызыл жалын барлығы 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ол сөндірілді.

Айта кетейік, кеше Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланған болатын.

Бұқар жырау 27/5-ге көшесіндегі көпқабатты үйдің 13-ші қабатындағы пәтер отқа оранды.

Газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады. Зардап шекендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары