$ 442.05  474.14  4.74

Израильдің экс-президенті өлер алдында органдарын донорлыққа беріп кетті

Израильдің экс-президенті Шимон Сиба бүгін 94 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өлер алдында ол өз ағза мүшелерін донорлыққа беруін аманат етті деп жазады РИА Новости саясаткердің дәрігері Рафи Вальдманға сілтеме жасап.

«Шимон Перес еш азаптанбастан дүние салды. Біздің Шиба клиникасының дәрігерлері оның өмірі үшін соңына дейін күресіп, қиналмай қайтыс болуына барлық жағдайды жасады», — деді Вальдман қаралы хабарды тілшілерге естірту барысында.

Экс-президенттің туыстары марқұмның көзін де донорлыққа беруге келісімін берген.

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:00-де Израиль билігі жиналып, саясаткерді жерлеу мәселесін талқыламақ. Жерлеу рәсімінің өзі 30 қыркүйекке жоспарланған деп жазады Haaretz порталы.

Айта кетейік, Шимон Перес 13 қыркүйек күні инсульт алып, ауруханаға түскен болатын. Бірер күн бұрын оның жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер үміттің жоқ екенін мәлімдеген.

Перес Израильдің 9-шы және 12-ші премьер-министрі болған. 2007-2014 жылдары аралығында ол Израиль президенті лауазымын атқарды. 12 үкіметте түрлі министрліктерді де басқарған. Оның саясаттағы еңбек жолы 70 жылға созылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары