Жаңалықтар 14.07.2021 сағат 10:00

Бір тәулікте із-түссіз жоғалып кеткен 4 ақмолалық табылды

Ал облыс орталығының тағы бір тұрғыны үйіне оралудан бас тартты.
Бір тәулікте із-түссіз жоғалып кеткен 4 ақмолалық табылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақмола облысында бір тәулікте хабар-ошарсыз кеткен төрт адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілдеде Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 72 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 26 жастағы немересін іздеуге көмек көрсетуді сұраған.

«Зейнеткердің айтуынша, немересін тұрғылықты мекенжайы бойынша таппаған және телефон қоңырауларына жауап бермейді. Өзімен бірге тұратын 9 жасар шөбересі де анасының жоқтығына алаңдаулы екенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде келесі күні таңертең әйел көрші ауылдан табылды», – деді ведомстводан.

Сол күні жедел уәкілдер Көкшетау қаласының 36 жастағы тұрғынын және жұмысқа кеткен Торғай ауылының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Хабар-ошарсыз кеткендердің бәрі үйлеріне аман-есен оралды. Ал облыс орталығының тағы бір тұрғыны үйіне оралудан бас тартты. Оны полицияға күйеуі іздеп, хабарласқан. Полиция қызметкерлері әйелдің Нұр-Сұлтан қаласында екенін анықтаған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жалға берілетін пәтерлерді, оңалту орталықтарын тексеруге, қаңғыбастықпен айналысатын адамдарды суретке түсіруге және дактилоскопиялауға, басқа қаладан келген көлікті және автостоппен жүретін адамдарды тексеруге көп көңіл бөлінді», – деп толықтырды полиция.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар