14 шілдеде Алматыда жаңбыр жауып, жел соғуы салдарынан 12 ағаш құлап, 16 автокөлік қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қолайсыз ауа райынан кейін түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланады. Kris_p_brothers_official тобында ағаш құлап, көлікті қалай басып қалғаны түсірілген видео жарияланды.
Сондай-ақ, Желіде тасжол мен жаяу жүргіншілер жолына ағаш құлаған сәт түсірілген видео да бар.
Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, 14 шілдеде сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда 6,6 миллиметр жауын-шашын түскен. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жеткен. Көліктерге ағаш құлаған 12 жағдай тіркелді. Бұл ретте қираған көлік саны - 16.
Алмалы ауданында - үш ағаш (төрт көлік); Әуезов ауданында - үш көлік бүлінген; Бостандық ауданында - төрт ағаш (жеті көлік); Медеу ауданына – екі ағаш (екі көлік).
Сондай-ақ, қызмет барысында ағаштар мен бұтақтар көлік жолдарына, балалар алаңы мен жаяу жүргіншілер жолына құлаған 45 жағдай тіркелген.
Қалада жел мен жаңбыр салдарынан пайда болған аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Магистрал көшелер бойынша жұмыстар аяқталған. Аудандар бойынша барлығы 150-ден аса жол жұмысшылары мен 80-нен аса арнайы техника жұмылған.