Шілдеде Құрбан айт мерекесі тойланады, ол 2021 жылы 20 шілдеге (сейсенбі) түсіп тұр. Демек, 20 шілде - демалыс (бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы үшін).
Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин тағы да күшейтілді. Жаңа шектеулер 17 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін әкімдік сайтынан оқуға болады.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесі кезіне қосымша шектеулер енгізілген болатын.