Бұл кездесуді Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері тоқтатқан. Олардың ұсталғаны туралы видео astana_typical арнасының парақшасында жарияланды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда Арман Жұмагелдиев пен Алиба «Семскийді» ұстаған.
Жазбада «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев елордаға қонаққа келгені айтылады. Күтіп алушы – Алиба «Семский».
Олардың елордадағы элиталық мейрамханадағы жиындары арнайы жасақтың келуімен тоқтаған. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді, – делінген хабарламада.