$ 448.89  477.93  4.76

Желіде «Дикий Арманның» ұсталғаны туралы ақпарат тарады - полиция түсініктемесі

Сонымен қатар, «қылмыстық әлемнің серкесі Әліби Семскийді» де онымен бірге ұсталды деп айтылады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Желіде «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің ұсталған сәті делінген видео тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеоның сипаттамасында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің астанаға қонаққа келгені туралы айтылады.

Сонымен қатар, «қылмыстық әлемнің серкесі Әліби Семскийді» де онымен бірге ұсталды деп айтылады.

Олардың елордадағы элиталық мейрамханадағы отырысы үстінен ОМОН сарбаздары сай ете түскен, делінген видеодағы хабарламада.
Полиция рейдтік іс-шаралар ойын-сауық орындарында жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Ойын-сауық мекемелерінің бірінде профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізген кезде полиция қызметкерлері 6 адамнан тұратын топты ұстады. Барлық адамдармен профилактикалық әңгіме өткізілді. Полиция департаменті ойын-сауық орындарындағы қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында тұрақты түрде профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлады елордалық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары