Жаңалықтар 19.07.2021 сағат 19:34

Ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Өте жоғары өрт қауіпі сақталады
Ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

21 шілдеде Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 шілдеде күндіз Қызылорда облысында> солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 21-23 шілдеде Жамбыл облысының> таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. 21-23 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 22-23 шілдеде облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының> кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

21 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады,

Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 41 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Түркістан облысының> тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысында> оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар