$ 494.87  520.65  4.91

Ақтаудағы жатақхананың қирауы: көз жұмған сотталушылар саны артты

Зардап шеккендердің бірі ауыр халде, үшеуі түрлі орташа ауыр жарақат алған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақтауда жатақхана ғимараты қирағанда қаза тапқан сотталушылар саны артты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, төтенше оқиға салдарынан 11 сотталушы зардап шеккені анықталды.

"Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан 3 сотталушы оқиға орнында қаза болды. Медициналық көмек көрсету үшін қалған 8 адам ауруханаға жеткізілді, олардың төртеуі тексеруден кейін мекемеге қайтарылды, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ. Қалған төрт зардап шегушінің жағдайын дәрігерлер бақылап отыр", - делінген ҚАЖК хабарламасында.

Ауруханаға ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов барды.

Зардап шеккендердің бірі ауыр халде, үшеуі түрлі орташа ауыр жарақат алған. Зардап шеккен сотталғандарға туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесуге мүмкіндік беріледі.

"ҚАЖ комитеті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Зардап шеккен сотталғандарға, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деді ҚАЖК өкілі.

Маңғыстау облысының полиция департаменті “Адамдардың өліміне әкеп соққан сапасыз құрылыс" бабы бойынша соталды тергеуді бастады, тиісті сараптама тағайындалған. Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ-дың осы мекемесінің аумағындағы барлық ғимаратқа техникалық тексеру жүргізеді. Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Айта кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында арнайы түзету мекемесінің төбесі құлап, екі сотталушы көз жұмғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтау #түрме