Жаңалықтар 20.07.2021 сағат 21:15

«Ақын» Балтабек Елбасы Назарбаевтың қайтадан Президент болып келуін сұрады

Сіз келсеңіз – ел өрлейді қайтадан, Бұл сөзімді Ұлы Дала құптайды.
«Ақын» Балтабек Елбасы Назарбаевтың қайтадан Президент болып келуін сұрады
Фото: коллаж
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елімізде Абайдан кейінгі "ұлы ақын" ретінде танылып жүрген Балтабек Нұрғалиев Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы да отты жырын арнады, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Ақын бұл жолы Назарбаевтың қайта Президент болып келуін сұрады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымызға

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа! 

Еліңізге көп жақсылық еттіңіз,

Нұр-бағымыз – Елбасымыз – Тектіміз! 

Президенттік орныңызды босатып,

Бізді тастап қайда ғана кеттіңіз? 

Уа, Нұр-Сұлтан Әбішұлы – НҰР-АЙБЫН,

Сіз кеткенде, мен ерекше мұңайдым.

Тастап кеткен орныңызға оралып,

Президент боп келсеңіз деп сұраймын.

Сенген жандар аяң басып, сылбырап,

Болашақ күн тұр алдыда бұлдырап.

Алға баспай, артқа қарай шегініп,

Ел қуаты бара жатыр құлдырап!

Сіз кеттіңіз – жұт жайлады – құт тайды,

Деп айтпаңыз:

"Халқым соны ұқпайды?".

Сіз келсеңіз – ел өрлейді қайтадан,

Бұл сөзімді Ұлы Дала құптайды.

Оралыңыз, орныңызға қайтыңыз, 

Мәселенің жөнін бізге айтыңыз.

Бір өтініш өлеңменен жазылды,

Қабыл болсын мерекеңіз – Айтыңыз! - деп жазды ақын.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурыз айында биліктен өз еркімен бас тартқан болатын. Оның орнына Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланды.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар