$ 494.87  520.65  4.91

Елордада карантинді бұзған 7 мекеме жауапкершілікке тартылды

Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Өткен тәулікте елордада карантин режимін бұзғаны үшін 7 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарын күн сайын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Есіл ауданында «Chechil Pub» бары, «Alanya» караоке-мейрамханасы, «The-ДЫМ» лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ, соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен. Сонымен қатар, бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген «Inforno» мейрамханасына кіре алмады. Сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Баня на дровах» саунасы мен «Потолок» интернет кафесі жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында «Спорт сити» фитнес клубы мен «Стамбул» кафесі де осындай бұзушылықтарға жол берді. Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана