Нұр-Сұлтан қаласында 24-25 шілде күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сенбі және жексенбі қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.
Жолаушылар автобусқа бетпердесіз кіре алмайды.
Сондай-ақ жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасының көмегімен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы.
Еске салсақ, елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.